Абай облысында өрт 1,1 мың гектарға тарады - ҚР ТЖМ

None
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Ресейдің Алтай өлкесінде дала өрті сөндірілді. Ал Абай облысында жалынмен күрес жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап.

22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, жалын «Семей орманы» табиғи резерваты аумағына тараған болатын. Абай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары оқиға орнына дереу жетті.

«Орман шаруашылығының алдына ала мәліметі бойынша, өрттің ауданы 1100 га құрайды. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Тілсіз жаумен күрес 2 учаскеде жүріп жатыр: Ивановка ауылы, Ауыл станциясы.

Өртті сөндіруге барлығы 88 техника (1 өрт пойызы), 259 адам жұмылдырылды (»Семей Орманы«МОТР 56 техника, 147 адам, ҚР ТЖМ 27 техника және 98 жеке құрам, Қазақстан темір жолының 1 өрт сөндіру пойызы, 10 адам, жергілікті атқарушы органдардың 4 техникасы, 4 адам). Өртті сөндіру үшін Қазавиақұтқару МИ-873 тікұшағы тарталды. Сондай-ақ Семей қаласының 68303 ТЖМ әскери бөлімінің жеке құрамы жіберілді», - делінген мәліметте.


Халықты хабардар ету және Ивановка ауылы мен Березовка санаторийіне іргелес аумақты қарауылдау үшін жергілікті полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

«Төтенше жағдайлар министрлігінде және Департаменттің дағдарыс орталығында жедел штабтар ұйымдастырылды. Жедел желі телефондары жұмыс жасап тұр.
РФ ТЖМ ММ тарапынан Алтай өлкесі бойынша 26 л/с және 6 АЦ, 1 трактор (алдын ала ауданы 12 га) тартылды.
23 мамыр сағат 05:00-дегі жағдай бойынша Алтай өлкесінің аумағындағы өрт жойылды.
Екпінді жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Салдарынан жалын төменнен жоғарыға тез тарауда», - деді ТЖМ-нан.

«Қазақстан темір жолы» компаниясынан мәлім еткендей, өрт пойыздар кестесіне әсер еткен жоқ.


Соңғы жаңалықтар