Абай облысында мектеп оқушылары мен студенттер онлайн оқуға көшірілді

None
АБАЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында күн райының бұзылуына байланысты білім беру онлайн форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

«6 наурызда Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Семей, Курчатов қалаларында, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Аягөз, Абай аудандарында 1 және 2-ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады. Қалған аудандарда мектептер штаттық режимде оқиды.

Сондай-ақ Семей қаласындағы колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ онлайн форматқа аустырылды», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар