Абай облысында мектеп маңына синтетикалық есірткі жасырып жүрген адам ұсталды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында мектеп маңына синтетикалық есірткі «қойып кетіп» жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі мектептердің бірінің жанында есірткіні «қойып кетіп» жүрген адам құрықталды.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды заңсыз өткізді деген күдікпен қала тұрғынын ұстады. Жедел деректерге сәйкес, ол интернет-дүкенде психотроптық заттарды тасымалдайтын «курьер» болып жұмыс істеген», - делінген ақпаратта.

Ұсталған сәтте күдіктіні тінту барысында одан 9 дана мөлшерінде дайындалған полиэтилен орама тәркіленді.

«Алынған «меф» психотроптық затының жалпы салмағы 9,42 грамды құрайды. Бұл ірі көлем болып саналады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар