Абай облысында мәслихаттарға 158 депутат сайланады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында мәслихаттарға 158 депутат сайланады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елімізде 19 наурыз күні ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтетіндігі белгілі. Осы ретте, ҚазАқпарат тілшісі Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Фесенкоға хабарласып, өңір бойынша қанша депутат сайланатынын сұрап көрді.

«Абай облысынан Парламент Мәжілісіне – 1, облыстық мәслихатқа – 30 (15 – бірмандаттық, 15 – партиялық тізім бойынша) сайланады. Ал қалалық мәслихатқа 34, аудандық мәслихатқа – 94 депутат сайланбақ. Олардың барлығы бірмандаттық. Қазіргі уақытта мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсыну жалғасуда», - деді ол.

Кандидаттарды ұсыну 8 ақпан күні сағат 18.00 аяқталады. Депутаттыққа үміткер тізімінде кімдердің бар екендігі сол уақыттан кейін белгілі болмақ. Әзірге кандидат ретінде ұсынылғандар бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар