Абай облысында құтқарушылар шалғай ауылдан жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында соңғы тәулікте адамдарды қар құрсауынан эвакуациялау жұмысы белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

5 қаңтар күні таңертен «112» пультіне Аягөз қаласы аудандық ауруханасының бас дәрігерінен қоңырау түскен.

Ол Аягөз ауданы Нарын ауылдық округінің Шынқожа ауылынан жүкті әйелді Аягөз аудандық ауруханасына жедел жеткізуді өтінген.

Шақыру орнына №13 өрт сөндіру бөлімінен құтқарушылар - бір Нива Марш техникасы және жеке құрамнан 2 адам шықты.

Оқиға орнына келгеннен кейін жүкті әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Құтқарушылар жүкті әйелді Аягөз қаласының перзентханасына жеткізді.


Соңғы жаңалықтар