Абай облысында қуаты 100 МВт жел электр станциясы іске қосылды

None
None
АБАЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында қуаты 100 МВт жел электр станциясы пайдалануға берілді. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылғы шілдеде Абай облысының Аягөз ауданында 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы (ЖЭС) генерациясын бастады. Ол 2025 жылға дейін кемінде 2 400 МВт жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қуатын іске қосу жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру шеңберінде қолға алынған.

«Жобаны іске асыру желіде шамамен 300 млн кВт/сағ қосымша электр энергиясын беруге мүмкіндік беретін ЖЭК көздерін елдің жалпы энергия жүйесіне белсенді интеграциялаудың жалғасы болып табылады. Сонымен қатар жоба шеңберінде шамамен 15 тұрақты жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі тұжырымдамасында және Қазақстан-2050 стратегиясында елдің энергия теңгеріміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2025 жылы 6%, 2030 жылы 15% және 2050 жылы 50% (баламалы көздерді ескере отырып) жеткізу мақсаттары бекітілді», - делінген министрлік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар