Абай облысында көшірілген ауыл тұрғындары біртіндеп үйіне оралып жатыр

None
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысында өрт ошақтарының басым бөлігі оқшауланды, жағдай тұрақталып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков Камышенка орманшылығы аумағында өрт оқшауланғанын және осындай жағдай Успен орманшылығында да байқалып отырғанын атап өтті.

Ол сондай-ақ елді мекендерге қауіп төнбейтінін айтты.

«Бүгінгі таңда жағдай бақылауда. Жалын шарпыған аумақ - 60 мың га. Бізде үш өрт ошағы болды. Екі ошақта өрт басылды, батыста Каштак орманшылығында тілсіз жау күш бермей тұр. Камышен орманшылығының аумағында өрт оқшауланды, Успен орманшылығында да оқшаулау жұмысы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда елді мекендерге қауіп жоқ. Қазір халық үйлеріне оралып жатыр, қауіп толығымен жойылды. Астана, Қарағанды облысы, Семей, ШҚО ТЖД күш-құралдары, сондай-ақ 200 әскери бар. «Семей орманы» резерватының барлық дерлік күш-құралдары тартылды», - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов жағдайдың біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын растады.

«Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ауа райы өте қиын болды, бірақ қазір өрт сөндірушілердің жұмысының арқасында жағдай біртіндеп тұрақтанып келеді. Негізгі от ошақтары ғарыш мониторингі арқылы тіркелген. Басқа салалардан қосымша күш-құралдарды тарту жемісін берді, жағдай біздің бақылауымызда. Эвакуацияланған азаматтар біртіндеп үйлеріне оралады», - деп қорытындылады Нұрболат Дербісов.


Соңғы жаңалықтар