Абай облысында қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын - Президент

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Бұл туралы Абай облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Тағы бір өзекті мәселе – бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару. Мен бұл жұмысты бүкіл ел аумағында жүргізуді тапсырдым. Абай облысында қазірдің өзінде осындай 200 мың гектар жер анықталды. Соның 62 мың гектары қайтарылды. Қайтарылған жерлерді жергілікті шаруаларға әділ үлестіріп, ел игілігіне тиімді пайдалану аса маңызды. Жалпы, бұл жұмыс одан әрі жалғасады», - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет екенін атап өтті.

«Аймақтың жер қойнауы полигонның кесірінен жылдар бойы игерілген жоқ. Сол себепті, облыс аумағында ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізу қажет. Қазба байлықтар көптеп табылады деп ойлаймын. Тау-кен өнеркәсібін дамыту облыс экономикасын жандандырады. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.





Фото : t.me/bort_01

Соңғы жаңалықтар