Абай облысында екі ет комбинаты іске қосылады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында ет өнімдерін шығаратын екі кәсіпорын іске қосылады.

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімовтің айтуынша, биыл Семейде өндірістік қуаты жылына 600 тонна дайын өнім шығаратын «Ықылас Инвест» ет консерві зауытын іске қосу жоспарланған.

Келесі жылы өндірістік қуаты жылына 12,6 мың тонна болатын «Еуразия Агро Семей» кәсіпорны жұмыс істей бастайды.

Қазір жоба мемсараптамадан өтуде.

«Облыста 39 бордақылау алаңы, 3 шұжық цехы жұмыс істейді. Бородулиха ауданында жылдық қуаты 375 тонна дайын ет өнімдерін шығаратын цех бар. Семейде қуаттылығы жылына 100 тонна «Қаликанұлы» цехы жұмыс істейді. «АРАЙ East Food» цехы Моңғолиядан шикізат әкеледі. Цехтың өндірістік қуаты - жылына 3650 тонна. Бірақ ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының тапшылығы әлі бар», - деді Айдын Кәрімов.

Мұндай ет комбинаты алдағы уақытта аудандарда да салынады.

Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Ақсуат ауданына жасаған жұмыс сапарында айтқан еді.

«Мұндай кәсіпорындарды салуға Ақсуат, Абай және Жарма аудандарына 18 млрд теңге бөлінді. Әрине, ешбір тауар өндіруші өнімді әдейі арзан бағаға сатып, шығынмен жұмыс істемейді. Бұл мәселелерді шешу жоспарымызда бар» дейді ол.

Соңғы жаңалықтар