Абай облысында биыл орман өрті екі есе азайды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында биыл орман өрті екі есе азайған. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданындағы «Семей Орманы» орман табиғи резерватының жұмысымен танысты. Резерват 1968 жылы құрылған. Жалпы ауданы 52,7 гектарды құрайды. Жұмыстың негізгі бағыты - орманды қалпына келтіру, өрт пен зиянкестерден қорғау.

«Облысымызда орман болғандықтан, тілсіз жаудың болатыны анық. Бірақ биыл абырой болғанда, ірі өрт болған жоқ. Жалпы жыл басынан бері орман өрті өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда екі есе азайды. Осы ретте, ТЖД мамандарына алғыс айтамын», - деді Н. Ұранхаев.

Ұжыммен кездесу барысында қызметкерлер облыс басшысынан суару жүйесін ауыстыруға көмек сұрады. Бұл қарағай көшеттерін сапалы өсіру үшін қажет.

Сонымен қатар Абай облысының әкімі Бородулиха колледжіне барды. Білім беру мекемесі жұмысшы мамандықтарын - аспаз, механизатор, дәнекерлеушіні оқытуға маманданған. Бүгінгі таңда мұнда 140 студент білім алуда. Колледж жанында 2007 жылы пайдалануға берілген жатақхана бар.

Проблемалық мәселелердің бірі - колледж бұрынғы тұрмыстық комбинаттың бейімделген үй-жайында орналасқан. Оқу корпусы мен жатақхананы жөндеуге қаражат қажет.


Соңғы жаңалықтар