Абай облысында биыл 99,7 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылған

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Биыл Абай облысында пайдаланылмай жатқан 99,7 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінің Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында өткен көшпелі брифингісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерді қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ауданы 297,7 мың гектар болатын жер учаскелері анықталды. Биыл әзірге мемлекет меншігіне 99,7 мың гектар пайдаланылмайтын жайылым жері қайтарылды», - деді Н.Ұранхаев.

Әкімнің айтуынша, бұл салада бірнеше инвестициялық жоба қолға алынған.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында жалпы құны 5,6 млрд теңге болатын 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар