Абай облысында бірқатар қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында бірқатар қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ауа райы қолайсыздығына, нақты айтқанда қатты аязға байланысты кейбір қала, ауданда екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды.

«Атап айтқанда, Үржар, Аягөз, Ақсуат аудандарында сабақ дәстүрлі форматта өтеді. Ал қалған аудандар мен қалаларда оқушылар онлайн оқиды. Семей қаласында 1-4 сынып оқушылары ғана мектепке бармайды», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, кеше де Абай облысындағы кейбір қала, аудандарда оқушылар онлайн форматта білім алғаны хабарланған еді.


Соңғы жаңалықтар