Абай облысында бір мандатты округтер бойынша сайланған мәслихат депутаттары белгілі болды

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Абай облысында бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған депутаттардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, өңірде сайлаушылардың тізімінде 416 191 азамат болды. Дауыс беруге 225 963 адам қатысқан. Оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 261 сайлаушы дауыс берді. Облыс бойынша кандидаттардың жалпы саны - 49.

Сайлау қорытындысында бір мандатты округтер бойынша мәслихат депутаты болғандардың тізімі:

№ 1 сайлау округі бойынша - Құрманбай Марат Серікжанұлы, 1961 жылы туған, «Ақшың» корпорациясының президенті,

№ 2 сайлау округі бойынша - Чакенов Асхат Мейрамбекұлы, 1984 жылы туған, Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ директоры,

№ 3 сайлау округі бойынша - Қасқабаев Мұхаметқали Телеуханұлы, 1966 жылы туған, «Зеленстрой Семей» ЖШС бас директоры,

№ 4 сайлау округі бойынша - Баймуринов Талғат Болатұлы, 1966 жылы туған, «Муздыбай-1» ШҚ басшысы,

№ 5 сайлау округі бойынша - Касенов Куаныш Аманбекұлы, 1989 жылы туған, «Силикат» ЖШС бас директорының орынбасары,

№ 6 сайлау округі бойынша - Қайрамбаев Бауыржан Сейтжапарұлы, 1971 жылы туған, «Гордорстрой» ЖШС директоры,

№ 7 сайлау округі бойынша - Ахметов Съезбек Рахышұлы, 1971 жылы туған, «Жан-ата» МО бас директоры,

№ 8 сайлау округі бойынша - Батырбеков Эрлан Ғадлетұлы, 1961 жылы туған, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК МЭРК бас директоры,

№ 9 сайлау округі бойынша - Нұғымаров Айбек Серікболұлы, 1987 жылы туған, «Көлік колледжі» директоры,

№ 10 сайлау округі бойынша - Қойгелдин Ержан Тұрсынханұлы, 1964 жылы туған, «Өрнек» ЖШС басшысы,

№ 11 сайлау округі бойынша - Дюсекеева Айгүл Рысбекқызы, 1981 жылы туған, «Дүйсекеева» ЖК директоры,

№ 12 сайлау округі бойынша – Майжанов Уалихан Төкенұлы, 1961 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді,

№ 13 сайлау округі бойынша - Қойжайғанов Нұрлан Алтынбекұлы, 1977 жылы туған, «Жарма ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры,

№ 14 сайлау округі бойынша - Карашев Мамырбек Бақтығазыұлы, 1969 жылы туған, «Юбилейный» ЖШС директоры,

№ 15 сайлау округі бойынша - Жоламанов Шалқар Тұрысбекұлы, 1979 жылы туған, «Семей қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры.


Соңғы жаңалықтар