Абай облысында азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермес үшін 152 мониторингтік топ құрылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында азық-түлік бағасының қымбаттауына жол бермес үшін 152 мониторингтік топ құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша азық-түлік бағасын бақылау мақсатында 152 мониторингтік топ құрылды.

«Осындай топ мүшелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бір деңгейде ұстап тұру үшін үй жанындағы дүкендерді, базарлар мен ірі супермаркеттерді бақылап, кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылдың басынан бері облыстың барлық қала, ауданында 112 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді. Бағаны ұстап тұру бойынша 1 260 меморандумға қол қойылып, онда сауда орындарының иелері ең төменгі сауда үстемесін 10%-дан асырмауға міндеттеме алды», - дейді Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов.

Оның айтуынша, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия да құрылған. Жыл басынан бері оның 10 отырысы өтіп, кәсіпкерлер тарапынан 8 бұзушылық анықталды. Оның ішінде бесеуі – Семей қаласында.


Соңғы жаңалықтар