Абай облысында автожолдардағы көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Күн райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында дизельмен жүретін жүк және жолаушылар көліктеріне трассаға шығуға шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ әкімдігінің телеграм каналына сілтеме жасап.

«Абай облысында сағат 17.00-ден бастап республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінде дизельді жүк көліктері мен жолаушылар көлігінің қозғалысына шектеулер енгізілді. Осы кезеңде жолдарда қырағы болып, мүмкіндігінше алыс қашықтыққа сапарға шықпауларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар