Абай облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

«28 қараша сағат 19.00-ден бастап ауа температурасының -30 С градустан төмен түсуіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруіне байланысты Абай облысының Республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының барлық учаске бойынша жолаушылар рейстік автобустары үшін, сондай-ақ дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар