Абай облысында анасы мен 5 баласы ыстан уланып ауруханаға түсті

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының Бородлихо ауданында бүтін бір отбасы көмір иісіне уланып қала жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан түнгі 23:40 шамасында Бородулиха ауданының орталық ауруханасынан қоңырау түскен.

Медицина мекемесінің хабарлауынша, бір отбасының 6 адамы көміртегі тотығынан орташа дәрежеде уланған.

Қазір 5 баласы мен анасының жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында болып, таңертең үйіне қайтарылған.

Оқиға мұржаның дұрыс тазаланбауынан болған.

Абай облысының ТЖД өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін еске салады.

«Жылыту кезеңі басталғанда көміртегі тотығымен улану қаупі артады. Сондай-ақ, мұржаларды уақытында тазалап отыру қажет» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар