Абай облысында ана мен бала өлімі көбейген

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Абай облысында кейінгі 3 жылда өлім-жітім деңгейі өскен. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған «Абай облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту» туралы Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатқа қосымша берілген қазіргі жағдайды талдау мәліметтерінде облыстағы ана мен бала өлімі, қатерлі ісіктен болатын қайғылы жағдайлар дейгейінің өскені көрсетілген.

«Денсаулық сақтау саласында соңғы үш жылдағы жағдай халықтың, сәбилердің, аналардың және онкологиялық науқастардың жалпы өлім-жітім деңгейінің өскенін көрсетеді.

2022 жылы ана өлімінің жоғары деңгейі сақталып отыр, яғни 1 мың адамға шаққанда 34 адам. Ал нәрестелер бойынша 1000 адамға шаққанда 32 сәби қайтыс болады. Қатерлі ісіктен 1000 адамға шаққанда 334 адам көз жұмады.

Негізгі проблема – қанағаттанарлықсыз экология, аудан орталықтарында заманауи медициналық мекемелердің болмауы, дәрігерлік кадрлардың тапшылығы (150 маман), медициналық ұйымдармен жарақтандырудың төмен деңгейі және басқалар», - делінген құжатта.


Соңғы жаңалықтар