Абай облысында 6 мың гектарға жайылған дала өрті оқшауланды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Үржар ауданында 6 мың гектарға жайылған дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Абай, Жарма, Бесқарағай, Ақсуат, Аягөз аудандарындағы және Семей қаласындағы өрттер сөндірілді. Ал Үржар ауданындағы ірі дала өрті оқшауланды.

«Үржар ауданы Қарабұлақ ауылынан 18 шақырым жердегі «Шаған-тоғай» учаскесінде шөп өртенді. Жалынды ауыздықтауға кірме жолдардың болмауы және күрделі таулы жер қиындатты. Қатты жел мен ыстық ауа райының салдарынан өрт 5960 гектарға жайылды. Кеше сағат 20.15-те от оқшауланды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Өртпен күреске 321 адам мен 39 техника жұмылдырылған.

Еске салсақ, осыған дейін Абай облысында жалын шарпыған аумақ 5000 гектарға жеткені хабарланған .



Соңғы жаңалықтар