Абай облысында 420 адам шетелдік көлігін заңдастырып, жаңа нөмір алды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында 400-ден астам адам шетелдік көлігін заңдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, біржолғы заңдастыру басталғалы бері өңір бойынша 3031 өтінім беріліп, оның 968-і мақұлданған.

«Барлығы 420 азамат шетелдік көлігін заңдастырып, қазақстандық техникалық құжат пен мемлекеттік нөмір алды. Әлі де өтініш беріп жатқандар көп. Оның әрқайсысы мұқият қаралуда. Шетелдік көліктерді заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады», - делінген ақпаратта.

Көлігін заңдастырғысы келгендерге өтінім берудің бірнеше тәсілі бар.

Атап айтқанда:

- Электронды үкімет порталы арқылы (еGov.kz);

- Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы;

- ХҚКО-ларға барып өтінім беру арқылы.

Ереже бойынша автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс.

Сондай-ақ қылмыстық есепте тұрмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет.


Соңғы жаңалықтар