Абай облысында 31 градус аязға байланысты екінші ауысым оқушылары сабақты үйден оқиды
2022 жылғы 28 қараша, 12:18

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - 28 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (-31 градус) екінші ауысымның оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Абай облысы әкімдігі таратқан мәліметке сенсек, аудандарда және Семей, Курчатов қалаларында 1-11 сыныптар, 1-2 курс колледж студенттері қашықтан оқу форматына ауысқан.
Үржар ауданында 1-4 сыныптар үйінде онлайн білім алады, 5-11 сыныптар мектепте оқып жатыр.
Облыстағы барлық жолдар ашық.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары
TOP