Абай облысында 3 инватакси көлігі пайдалануға берілді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай облысында 3 инватакси көлігі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Абай облысы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жыл басында Абай облысына «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры тарапынан 3 инватакси көлігінің сертификаты табысталған болатын.

Бүгінгі күні инватакси көлігінің кілті Облыстық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубына, Үржар аудандық балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына және Облыстық мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына табысталды. Аталған көлік барлық стандарттарға сәйкес жабдықталған, мүгедектігі бар адамдарға арналған арба көтергіші бар. Отандық СемАЗ ЖШС базасында жасалып шыққан.

«Алынған көліктердің арқасында қызмет алушыларды спорттық, мерекелік шараларға, оңалту орталығына уақтылы тасымалдауға үлкен ықпалы тиеді. Мысалы, Үржар ауданындағы балалар орталығында тек ғана аудан орталығы ғана емес көршілес ауылдардан келіп балалар әлеуметтік қызмет алады. Семейдегі оңалту орталығына да тасымалдауды ұйымдастыру үшін қосымша көмек болады», - дейді Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айнұр Сұлтанова.

Жалпы Абай облысында 25 мыңдай мүгедектігі бар жандар бар, оның 3000-ы балалар. Сондай-ақ, аймақта «Инватакси» қызметінің 16 автокөлігі (Семей қ.-12, Аягөз қ. -3, Жарма -1) жұмыс істейді. Олар мүгедектігі бар, жүріп-тұруы қиын 1540 адамды тасымалдау қызметін қамтамасыз етеді.


Соңғы жаңалықтар