Абай облысында 15 жастағы екі оқушы асылып қалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Жарма ауданында 15 жастағы екі оқушы асылып қалды. Оның біреуі құтқарылғанымен, екіншісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға Абай облысы Жарма ауданы Үшбиік ауылында болған. Суицидке барған 9 сынып оқушылары. Олардың біреуі құтқарылғанымен, екіншісі көз жұмды.

Облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Жарма аудандық полиция бөлімімен аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 3-бөлігіне (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер және сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді», - делінген ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, тергеу барысы облыс департаменті басшылығының ерекше бақылауында.


Соңғы жаңалықтар