Абай облысында 11 «жайлы мектеп» салынады

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингісінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев мектеп тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептегі орын тапшылығын азайту үшін облыс бойынша 2022 жылы 1 700 орындық 4 мектеп салынды. Жеке инвестициялар есебінен Семей қаласында 650 оқушыға арналған 1 мектеп ашылды.

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдары 5 700 орындық 11 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 5 мектептің құрылысы басталады.

Осы жылы облыс орталығында «KAZ Minerals Management» ЖШС қаражаты есебінен 1 200 орындық мектептің құрылысы басталды.

2025 жылға дейін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақталған мектеп, жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынады. Балаларды қосымша біліммен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында көпфункционалды Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр», - деді әкім.

Сондай-ақ ол жаңа оқу жылында Шәкәрім университетінде тілдерді тереңдетіп оқытуға бағытталған «Shakarim High School» және Ә.Бөкейхан университетінде «Abay IT-School» мектептері ашылатынын айтты.

«Облыстың жоғары оқу орындарына қосымша 500 білім гранты бөлінді», - деді Нұрлан Ұранхаев.


Соңғы жаңалықтар