Абай облысы ТЖД жаңа басшысы жеке құрамға таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Семей қаласына жұмыс сапары барысында жеке құрам мен аудандық бөлімше бастықтарына Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлын және Департамент бастығының орынбасары подполковник Ахметов Сұлтан Мырзабекұлын таныстырды, деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Олар Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы бойынша тағайындалған.

Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы 1975 жылы 3 ақпанда Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген.

1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. Білімі - өрт қауіпсіздігі инженері. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Қызметін Көкшетау облысы Щучье ауданының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы болып бастаған.

Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

2015 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Сұлтан Ахметов бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.



Соңғы жаңалықтар