Абай облысы ауылдарына су тасқынынан қауіп жоқ - әкімдік

None
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында су тасқыны қаупі бар учаскелерге әуеден барлау жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков, ТЖД басшысы Манарбек Шапағатов және арнайы құрылған жұмыс тобы су тасқыны жағдайына аэровизуалды тексеру жүргізді.

Соның барысында елді мекендердегі жағдайға мониторинг жүргізіліп, өзендердің арналары мен гидротехникалық құрылыстар зерттелді.

Жарма, Көкпекті, Аягөз аудандарындағы жазық жерлер мен Үржар, Ақсуат аудандарындағы Тарбағатай жотасының биік таулы аймақтарындағы қар мөлшері бақыланды.

«Бүгінгі таңда өңірде қардың жылдам еруі мен топырақ тоңының жібуі байқалуда. Өзендердегі жағалауда су басу байқалмайды. Көкпекті ауданының барлық аумағында қар жамылғысы байқалса, қалған аудандарда қар еріп кетті деуге болады. Тарбағатай жотасының биік таулы беткейлерінде қар жатыр. Ал гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда», - деді Димитрий Гариков.


Соңғы жаңалықтар