Абай облысы әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың өкімімен Нұрбол Нұрсағатов әкімнің орынбасары болып тағайындалды., деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбол Төлегенұлы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жол институтын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінде бастаған.

2008-2011 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

ШҚО әкімдігінің көлік және автомобиль жолдары басқармасының, Алматы қалалық құрылыс басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы қызметтерінде тер төкті.

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр және Алматы аудандарының әкімі болған.

Еске сала кетейік, өткен аптада Абай облысы әкімінің орынбасары қызметіне Шалқар Байбеков тағайындалған болатын.


Соңғы жаңалықтар