Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысында бірқатар департаменттің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Абай облысының әкімі бұған дейін тағайындалған департаменттер басшыларын таныстырды.

- Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына Мақсат Елемесов тағайындалды

- Абай облысы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы лауазымына Анар Ерембаева тағайындалды.

- Абай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаментінің басшысы лауазымына Асхат Сағидолдин тағайындалды.

- Абай облысы бойынша техникалық реттеу департаментінің басшысы лауазымына Айнара Мұхаметқалиева тағайындалды.

- Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Серік Сарбасов тағайындалды.


Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi





Соңғы жаңалықтар