Абай облыстық мәслихатының хатшысы сайланды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгіннен бастап құрылған Абай облысының мәслихат хатшысы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір Семей қаласында Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессиясы өтіп жатыр. Онда депутаттар облыстық мәслихатының хатшысын сайлады. Депутаттардың шешімімен хатшылық қызметті Қуаныш Сүлейменов атқарады.

Қуаныш Серқазыұлы 1973 жылы бұрынғы Семей облысының Шар қаласында туған. Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. Оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академияда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанған. Осы уақытқа дейін «Шалабай» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Абай облысы мәслихатының депутаттық құрамы бекітілгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар