Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды
2022 жылғы 18 тамыз 01:08

Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Семей қаласының экс-әкімі Мейрамхат Айнабеков сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семейде Абай облыстық қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Онда кеңес төрағасы болып Мейрамхат Айнабеков сайланды. Ол 2007-2011 жылдары Семей қаласының әкімі болған.

Тамыз айының басында мәслихат сессиясында облыстық қоғамдық кеңестің құрамы бекітілген еді. Жалпы өңір көлемінде кеңеске мүше болуға 86 адам өтініш берген.

«Барлығы 83 үміткер әңгімелесуден өтті. Оның ішінде 1 үміткер өз еркімен өтінішін қайтарып алса, 2 үміткер әңгімелесуге келмеген. Ашық дауыс беру арқылы конкурсқа қатысқандардан 30 адам іріктелді. Бұл азаматтардың 15-і бизнес өкілі, 4 еңбек ардагері, 4 қоғам белсендісі, 1 мүмкіндігі шектеулі азамат, 4 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, 2 белсенді жас», - делінген Абай облысы әкімдігі таратқан мәліметте.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT