Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері іріктелді

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облыстық қоғамдық кеңесіне 30 адам мүше болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық кеңеске үміткерлердің құжаттарын қабылдау 19 шілде мен 1 тамыз аралығында жүргізілген. Облыс көлемінде 86 адам өтініш берген.

«Барлығы 83 үміткер әңгімелесуге өтті. Оның ішінде 1 үміткер өз еркімен өтінішін қайтарып алса, 2 үміткер әңгімелесуге келмеген. Ашық дауыс беру арқылы конкурсқа қатысқандардан 30 адам іріктелді. Бұл азаматтардың 15-і бизнес өкілі, 4 еңбек ардагері, 4 қоғам белсендісі, 1 мүмкіндігі шектеулі азамат, 4 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, 2 белсенді жас», - делінген Абай облысы әкімдігі таратқан мәліметте.

Оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектордан 3 адам бар: 2 білім, 1 денсаулық сақтау саласынан. Қоғамдық кеңеске ұсынылған азаматтардың 25-і ерлер (76%), 8-і әйелдер (24%). Кеңес мүшелерінің орташа жасы – 56.


Соңғы жаңалықтар