Абай музейінде Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 210 жыл толуына арналған арналған көрме ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 210 жыл толуына арналған «Алашқа даңқы шыққан ер Құнанбай» атты көрме ашылды. Бұл туралы аталған музейдің мәліметінде хабарланды.

Салтанатты шарада сазгер, күйші Шәміл Әбілтайдың «Құнанбай қажы» күйі тұңғыш рет орындалды.

«Тарихи тұлға, би, аға сұлтан, заманымыздың көрнекті қайраткері, ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай қажыға арналған көрмеде «Құнанбай Өскенбайұлының ататегі», «Билік, болыстық, қоғамдық қызметі», «Құнанбай туралы архив деректері», «Аға сұлтандық қызметі», «Қажылық сапары» сияқты тақырыптар ашылды», - делінген таратылған мәліметте.

Көрме мақсаты - Құнанбай Өскенбайұлын Тарихи Тұлға, Би, Аға Сұлтан, Қажы, ұлы ақын Абайдың әкесі, заманының көрнекті қайраткері болғанын Абай қорық-мұражайында жинақталған тарихи, ғылыми, әдеби материалдар арқылы көрсету.

Қазақстан тарихында сол заманда орын алған тарихи өзгерістерді көрсету арқылы Құнанбай Өскенбайұлының қоғамдық, болыстық, билік қызметімен таныстыру. Тарихи Тұлға Құнанбай Өскенбайұлының қоғамдық қызметін дәлелдейтін Абай мұражайында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жиналған архив материалдарын көрермен назарына ұсыну.

Конференцияға қатысқан қаланың зиялы қауымына, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ғалымдарына, әдебиетшілерге, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының мемлекеттік тілді оқыту қызметшілеріне, ұстаздар мен студенттерге көрме бойынша экскурсия жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар