Абай музейі экспозициясын жаңғыртуға 250 млн теңге бөлінбек

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат. «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Жандос Әубәкір Абай музейі экспозициясын жаңғыртуға 250 млн теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қазіргі уақытта қорық-музейінде хәкімнің 175 жылдығына байланысты қызу әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Музей кешенін қайта жаңғырту, ағымдағы және күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу, абаттандыру, жарықтандыру шаралары қолға алынған.

«Бас музейдегі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 30 млн теңге және Абай музейі экспозициясын жаңғыртуға 250 млн теңге бөлінбек. Ұлы ақынның мерейтойында көптің назары оның туып-өскен жеріне ауатыны анық. Сол үшін музей мамандарына артылар жүк жеңіл емес», - дейді Жандос Әубәкір.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ұлы ақынның кіндік қаны тамған жер - Сырт Қасқабұлақтың абаттандырылатыны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар