АБАЙ. КЕМЕЛ АДАМ.

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Хакім, ұлы ойшыл, реформатор Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуге қатысты іс-шаралар еліміз ғана емес, бірқатар шетелдерде де жүзеге асуда.

Абай – қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай - әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға», - деген болатын.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында: «Тарихи датаны ақыл-парасатпен, салиқалы деңгейде өткізуге баса мән беру керек. Негізгі мақсат - дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Үкіметке Абайдың мерейтойына қажетті шаралар әзірлеуді тапсырамын», - деді.

Ұлы Абайды ұлықтауға арналған мерейтойды үкімет жоспарлаған қазіргі шаралар аясында атқарылып жатқан іс-шаралардан ауқымы ерекше.

Ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір ел ертеңіне сенімді зиялы қауымды қашанда толғандыратын тақырып. Қоғам және мемлекет қайраткері Оразәлі Сәбден ағамыз Абайдың толық адам ілімінің жол картасын жасап, біздің рухани Конституциямыз ретінде халықты оқыту керек деген ой-тұжырымын оқырмандар назарына ұсындық.

Абай – тума талант, данышпан, хакім, гений, қазақтың идеалы. Шығыстан да, Батыстан да көп ілім-білім жиған Абай сол білімнен адамзат биігіндегі өз ойларын қорытып шығарды. Анықтап айтқанда, әл-Фарабидің философиялық ғылым көздері, Жүсіп Баласағұнидың мораль философиясы, Қожа Ахмет Ясауи, Бақырғани Сүлейменнің сопылық ілім негіздері, т.б. ғұламалардың еңбектері арқылы өз іліми мектебін жасақтады.

Ең негізгісі, Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі. Өз өлеңдерінде: «Ғалым болмай немене, балалықты қисаңыз», «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», - деген Абай ойлары хакімнің ғылым-білімге үлкен мағына бергенін дәлелдейді. Адамзат білім болғанда ғана жарыққа, биікке жетеді, дамиды деп түсінді. Осы ойларының мәнін аша түсу үшін қарама-қарсы мағынада надандық, білімсіздік, қараңғылықты кінәлады. Абай білімнің неғұрлым тереңін көздеді. Білімді тереңдету үшін Абай «мұлахаза» және «мұхафаза» концептуалды ұғымдарына жүгінді, терең ойға салып, ғылыми ізденістер жасады. Хәкімнің осы ізденістерінен «Толық адам» ілімі туды. Ол Конфуцийдің мораль философиясын меңгерген сияқты немесе Абай ізденіс ілімі соған алып келгендей.
«Кімде-кім осы жолмен жүруді өзіне шарт қылып, қадам басса, сол толық адам делінеді» деп, «Толық адам» бойындағы қасиеттердің ең негізгісі етіп, ізгілікті алға тартты. Бұл жерде Абай «Құтты білік» дастанындағы жәуанмәртлікті адамгершілік негіздері ретінде пайдаланып, «толық адам» концепциясына этикалық бағыт ретінде кіргізеді. Оның негізіне: ғылым, рақым, ғадәлет ерекшеліктерін алады. Осы үшеуінің басын қосып, ізденіп толық игерген адам ғана «толық адам» қатарына қосылуы мүмкіндігін айтады хәкім.
Бізге де кейде сол Еуропа кеңесшілерінің арқасында дүниенің көрінген сырына, қоғамның заттық әлеміне басымдылық беріп, мұнай-газымызды, жерасты байлығын тезірек алсақ, шетелге сатып байысақ деп жүргендер де аз емес. Ойлағанын жасап та үлгерді, байларымыз да жетеді. Өкінішке орай, егемендік 30 жыл ішінде біз Абайдың ой-өркениетін мұқият зерделегенде, баяғыда жүйені басқа арнаға салып, шетел үстемдігінде кетпес едік. Қазып жіберсек, бұл жерде кешірілмейтін қателіктер көп. Әттең, қайран Абай ерте туыпсың...
Ашығын айтқанда, біз еліктеп келген жаhандық дамудың қазіргі материалистик моделі тиімсіз екенін мойындау керек. Біз миллиардтаған адамға эндемиялық кедейшілік жағдайында өмір сүруге жағдай жасап отырмыз. Алға жылжуға жаңа жол табу керек. Сондықтан жүйелік тәсілді қарастыра отырып, мәселелердің шешімінің адекваттылығының, тұтастылығының жауабын іздеген дұрыс. Олардың ішінде, бастысы ─ дүниетануға гуманистік пәрмен беру, дүниенің көрінбеген сырын, рухани-ізгілік бағыттары, қадамдары мен сананы ояту идеяларын тудыру керек. Қазір ХХl ғасырда адами ақыл-күй мен рухқа сенетін уақыт келді, әйтпесе, өте қауіпті апатқа душар болуымыз мүмкін. Мәселе, қоғамның адамгершілік тұрғыдан бүліну қаупі жөнінде болып тұр. Адамзаттың дамуын Шығысқа бұрып, оны заттық жүйеден рухани, қоғамды ізгілендіру рельсіне түсірген жағдайда, әлем тыныштанады, тұрақты дамиды.
«Осылардың бәрін қалай іске асыру керек?», - дегенде, Ұлы Абайдың «Толық адам» іліміне қайта ораламыз. Сонда заңды сұрақ тууы мүмкін: «Толық адам кім өзі? Оның үлгісі біздің арамызда бар ма? Өзі кімнен өнеге-өсиет алып, кімге қарап бой мен ой түзей аламыз?», т.б. Әрине бар, түркі халқы, қазақ халқы ─ кемеңгер халық. Оларды осы кітаптағы тарихи ұлы тұлғалардан көруге болады. Дәл қазіргі уақытқа келсек, мен Абайдың «толық адам» үлгісі деп, кеше ғана өмірден өткен академик, заңғар тұлға Салық Зиманов пен заты неміс болса да, ділі қазақ, халық жазушысы Герольд Бельгерді, академиктер Тұрсынбек Кәкішевті, Мекемтас Мырзахметовті айтар едім. Үшеуінің де өміріне, істеген істеріне үңілсең, «елім» деп, «егемендігім» деп, тіршілігінде тек шындықты айтып шырылдап, білікті ұсыныс-идеяларды айтып та, жазып та кетті. Ал М.Мырзахметов солардың идеясын жалғастыруда. Қазақ халқын қалай ізгілендіремін деп өмірлері күреспен өтті. Олар басқаға жақпаса да халыққа жақты, елдің сүйіктісі болды. Міне, Абайдың «толық адам» аманатын орындаған деп осы тұлғаларды айтуға болар еді Жастар осы тұлғалардың еңбектерін оқып, өнеге алса екен.
Меніңше, адам толық адам болғанда ғана қоғамға шын пайдасын тигізеді. Адам өз мақсатына адал болғанда ғана ақыл-ойы ештемеге тәуелді һәм қолы байлаулы болмайды. Тек тәуелсіз ой ғана кемел істерге бастайды. Толық адамға биліктің де, байлықтың да керегі жоқ. Дүниенің қызықтарын, нәпсіні, басқаны ұмытып, тек еліне, халқына қызмет етуді ойлайды, ел игілігі жолында барын салады. Оның бойы рухани тазарған кезде алтыншы сезімі ашылуы мүмкін, сол кезде өзі ойламаған мүмкіндіктерге қол жеткізуі неғайбыл.
Абайдың «толық адам» ілімін шығыстық рухани даму жүйесімен ұштастырып, осыларды дүниежүзілік ой өркениетінің дамуымен жүйелі түрде синтез жасап, жандандыруға болады деп ойлаймын. Ол үшін бізге материя мен сананы, рухты бір жүйе ретінде қарастыратын жаңа идеялар керек, бұл біздің батыстық жүйеден басымды айырмашылығымыз болмақ. Ол деген: ұлы Жібек жолын жандандыру, Түркістанды қайта жаңғырту, рухты ояту, үлкен экономикалық белдер жасау, рухани, логистикалық жобалар ұсыну, т.б.
Ең маңыздысы ─ адам, оның ішкі әлемі, әр отбасы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттық дәстүрді жаңғырту. Себебі, жаңа постиндустриалды өркениетте бірінші кезекке адам факторы мен рухани сана қойылуы керек. Бұл дегеніміз ─ Абайға жүгіну. Осы орайда, бір ұсыныс айтқым келеді. Біздің мемлекетімізде ғалымдардың қатысуымен «Хакім Абайдың толық адам ілімінің жол картасын» жасап, біздің рухани Конституциямыз ретінде халықты оқыту керек. Осыны игерген адам барлық қызметке алыну керек. Барлық оқу орындарында Абайдың толық адам ілімін жол картасымен оқыту арқылы біз қоғам өмірін ізгілендіре аламыз, цивилизацияға жаңаша бет бұрамыз. Абай армандаған заман енді туады. Әлі көп кешікпей дүниежүзі Абайды Конфуций мен Нострадамустай оқитын болады. Абайдың феноменін сонда ғана адамзат түсінетін болады. Басқалар түсінгенше Абайды өзіміз бойымызға сіңірейік.
Себебі, ХХl ғасырда цивилизациялық даму соған алып бара жатыр. Жаһандану процесі рухани салаға мейлінше күштірек ене бастады. Адамның рухани санасына, әлемдік психологияның өзгеруіне батыл өзгерістер жасалынуы қажет. Бұл халықаралық қатынастарда құқықтың сақталуына, келісім мен бейбітшілікке алып келеді. Оған өту – бұрынғы идеологиялық постулаттарды қайта қарастырудан басталады. Мысалы, экономика жағынан алып қарайтын болсақ, оны абстрактілі тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруға емес, нақты адамның тұтынымына бағыттау кeрек. Мысалы, жаңа ұсыныс ретінде «әр адамға әлуметтік-экономикалық нормативтерді енгізу жолымен ғана адам капиталы саласында кедейшіліксіз өмірді қамтамасыз етуге болады».
Абайды оқу, тану, ойларының тереңіне үңілу, маржанын теру - ойшылдың ой өркениетіне мойын бұру боып табылады. Сонда ғана рухани биіктікке қолымыз жетпек, сонда ғана жаңа өркениет есігінен «толық адам» болып аттай аламыз. Қазақтың тербеліп өсер бесігі ─ шетел насихатшылары емес, ол ұлы Абайдың шығармалары, қара сөздері, шығыс философиясы. Ұлы Абай Шығыс даласында рухани революция жасаған әлемдік тұлға. Ойшыл хәкімді өзінің осы лайықты биігіне көтеру біздің парызымыз. Абай ілімі бізге математиканың көбейту кестесін білу сияқты, бір қалып «стандарт» болып қалса қоғамның алға жылжуына үлкен әсері болары сөзсіз. Әр жеке адам: «Мен ішкі жан дүниемнің жұмағына қалай кірем? Осы өмірде кіре алам ба?» деген суалды өз-өзіне қойып, соны Абай ілімі арқылы шешуге тырысуы керек. Ұлы Абайдың «толық адам ілімін» игерген жас қазақ өзін де, елін де бақытты етеді.
Келешекке көз салсақ, әлемнің постиндустриалды даму кезеңінде қоғамды ізгілендіру заманының моральдық кодексін жасақтағанда, басқа әлемдік генийлермен бірге, Ұлы Абайдың ой өркениеті, оның «Толық адам» ілімі, асыл сөздері сол Моральдық кодекстің фундаменттерінің бірі болып қаланатынына негіз мол және де олар ─ күллі адамзат ұстанатын мұраттар... Осыған дайындық ретінде Қазақстанда, Ұлы Жібек жолында «Абай атындағы рухани академия» ашып, сол академияда Абайдың мұрасын, Шығыс философиясын зерттейтін, Еуразия кеңістігіне ғылыми кадрлар дайындайтын орталықтар қызмет етсе, өркениеттің дамуына үлкен септігін тигізер еді.
Кемеліне келген толық адам өзінің біліктілігі сонша жоғары болғандықтан ол адамзат алдына, жалпы әлемге бағалы, өте құнды рухани дүниелер, жаңалықтар алып келеді, жаңа өркениетке жол ашады. Гениилер де осылардан шығады.

Ұлт болған соң, ұлттық идея, сөзсіз керек!

Текті ердің моралі жел сияқты, тексіз ердің моралі шөп сияқты. Шөптің басы жел қайда үрлесе, сол бағытқа қисая салады. Осы орайда өзім жасаған «АБАЙ ӘЛЕМІ АУДИОДИСКІДЕ» деген толғанысымды айтайын. Мектеп кітапханасын тауысып, ауылдыкіне ауысып, аз уақытта оны да адақтаған, көркем шығармалардың кәусарынан қанып ішіп, сол арқылы қиялымен әлем кезіп, дүниетанымын кеңейткен біздің ұрпақ әлі де бала кезінде қалыптасқан дағдысынан-кітап оқудан қол үзген емес. Қолы қалт етіп, күнделікті тірліктен иненің жасуындай уақыт тауып жатса том – том болып тізбектелген кітап сөрелерін қайта ақтарып жатқаны. Осындай қасиет қазақтың арман-қиялынан туындаған аңыз-әпсаналармен ауызданып, ежелгі эллин елінің эллада ерлері жайлы ертегілермен есейген менен де жери қоймапты. Рас, қазір электрондық ақпарат қажетіңді көп іздетпейді. Керегіңді тауып, зердеден алыстағанмен, жадыңда жатталғанды алдыңа қайда алып келіп, жаңаша жаңғыртады. Алайда, жастана жатып кітап оқығанға жетер ғанибет жоқ. Өз дәуірінің өресі биік маңдайалды марқасқаларының ойларынан өрілген, ақ параққа көк сиямен өрнектелген өсиет сипатты кітаптың әр бетін парақтаған сайын мәлім де беймәлім ғажайып әлемге сүңгіп, балбұлақтың көкорай шалғынды жағасында қайта көктегендей күйге енесің. Қасиетті жұма күндерінің бірі еді. Жұмыстағы күйбің – тірлік қажытты ма, әлде жан дүнием рухани корек қажет етті ме, әйтеуір, көңілім құлазып бір нәрсені іздегендей болдым. Қайта - қайта қалың ойдың құшағында құндақталып, сөредегі кітаптарға қол созам. Студент шақтан бері жинақтап жүрген кітаптарымды әрі – бері қарап жатырмын. Көңілімның қалағаны бар. Ол не? Әйтеуір бір кітаптың бастапқы бетіне көз аялдатып, енді бірін жеңіл-желпі сүзіп өтем. Осындай сергелдең сәтте назарға «Абай жолы» ілікті. Бұл роман-эпопеяны бұрын да оқығам. Студент шағымда. Кейін де кітаптың кей жерлерін шолып, үстірт көз жүгірткенмін. Бұл жолы басынан бастап қайта оқығанды жөн көрдім. «Абайдың істеп кеткен қызметі – әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл іргенің үстіне салынатын қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақышты болуына лайық. Қуанамыз!» Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты»,- деп еді-ау заманының заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Айғақты да аталы сөз. Талас бар ма!?. Көп отырдым ба, әлде аз алдандым ба, білмеймін, әйтеуір бірінші томды орталап қалыппын. Әлі де оқи бергім келеді, тоқтай алар емеспін. Өрілген сөз өрнегінің жетегіне мықтап еріппін. Абай заманының өмір сүру салты көз алдымда кинотаспадай тізбектеліп өтіп жатқандай. Сөйтіп, күн құрғатпай жүріп төрт томдықты қайта оқып шықтым. Әсер мол, бойым жеңілдегендей. Көңілімде түнеріп тұрған қара бұлт сейіліп, жаныма күн шуағы төгілгендей. Ит тұмсығы батпас ну орманда бағдарсыз ұзақ адасып, шетіне жаңа шығып, жол тапқан жандай күй кештім. Тұрсам да, жатсам да Абай бейнесі жадымда жүріп алды. Күндердің күнінде «Шеврон» компаниясының үкіметпен байланыс жөніндегі өкілі Еркін Зікібаев және осы компанияның жетекші қызметкерлерінің бірі Айнұрмен кездесе қалмасым бар ма?. Еркін - туған елінің ертеңін ойлап өзінің тұлғалық келбетін жасап жүрген жандардың бірі. Ат жалын тартып мініп, азамат болғалы бері білімпаздығын, парасаттылығын, рухани биіктігін байқатқан, өмірлік қағидасы бар азамат. Жазушы Ісләм Зікібаевтың ұлы. Демек, арғы – бергі ата – бабасы ұлттық салт-дәстүрден нәр алған тектіліктен жаралған. Тәрбиені сол тектіліктен іздеген перзенттің де таяз болмасы анық. Ал, Айнұр әнші Лұқпан Сыдықовтың қызы.

Жастайын-ақ зерек болып, әр құбылысты зейініне тоқып бойжеткен Айнұрдың да өзіндік ой, парасат – пайымы бар. Әр тақырыптың басын шалған үшеуара әңгімеміздің «Абай жолына» қалай ауғанын байқамай қалдық. Абайдың өмірді, халықты сипаттаудағы өткір тіліне, салмақты сөзіне, түбірлі ойларына терең бойлап кеткен біз, әр өлеңінен өмірлік нәр іздегендей болдық. Абайды оқымау – ұлтты сыйламау,- деген ортақ ойлар арамызда орғытып, біраз әңгіменің басын қайырдық.

Қалам тартқан қазақтың бәрі де ақын,

Абай бірақ қайтадан тіріле ме? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтпақшы, Абай бір ғасырда, тіпті, мың жылда бір туатын дара тұлға. Оның өлеңдерінің мағынасы – терең, қатпары – қалың. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысса да», артына сарқылмас мол мұра қалдырып кеткен данышпанды танымай жүргендер көп-ау. Иә, олар «Абай жолын» бір қарап шықса қандай шырмауық өмірде шырмалып жүргенін білер еді. Мен Абайды қажетсінбесем қаражаяу тірліктің құлы болып, рухани жүдеп қалатындай қорқам. Рас, көпке топырақ шашу бекер болар. «Абай жолын» оқығысы келетін де бар. Бірақ уақыты тапшы шығар. Көкейіме қонақтаған осы бір ой көпке дейін маза бермей жүрді. Өзім тұтас бір ұлттың тіршілік тінін танытып, ұлт мәдениетін сыр-жұмбаққа толы сұлу тұрпатында жеткізіп келе жатқан Қазақ радиосына жетекшілік жасағасын ба барша тыңдарманға бір тарту жасауды көздедім. Бірақ қалай? Ойландым – толғандым, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтармен кеңестім. Ақыры, ән-әуезбен әдептеліп, алуан үндестікті сұңғыла сөзбен суреттейтін ақпарат көзі арқылы төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясын аудиодискіде шығаруды жөн көрдім. Ондағы мақсат - ұлы шығарманы халыққа аудио арқылы насихаттау еді. Сәтін салды. Ойым жүзеге асып «Абай жолы» таспа күйінде тыңдарманға жол тартты. Бұл жауһар «Абай» әлемінің тарихи танымын дыбыспен үндестіріп, дала әуенімен әрледі. Сондай-ақ, аудиодискіге дала данышпанының қара сөздері мен өлеңмен өрнектелген ойлары де енгізілді. Желсіз түн, жарық айдан сыр іздеген тыңдарманның көңіліне сазды самал ұялатар Абай әндерін де осы дискіге кіргіздік. Ғұлама ақынның өмірмен өзектес өлеңдерін еліміздің көркемсөз шеберлеріне дыбыстатып, әуенін танымал әншілерге орындаттық. Сөйтіп, кітап оқуға уақыты тапшы жандарға үлкен олжа жасағандай болдық. Электрондық технологияның дегені болған қазіргі заманда кез-келген адам «Абай жолын» енді өз көлігінде, жұмыс кеңсесінде, отбасы ортасында, тіпті туристік саяхатта жүріп те тыңдай алады. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов, осы 4 томдық роман-эпопеясын жазу үшін 15 жыл еңбектеніпті. Деректерге сүйенсек, оның «Абай» деп аталған бірінші кітабы -1942 жылы, ал, екінші кітабы - 1947 жылы жарыққы шыққан еді. Орыс тіліне аударылған «Абай» романының бұл екі кітабы - 1949 жылы бірінші дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болса, он жылдан соң, яғни 1959-шы жылы ұлы шығарманың төрт томдық толық нұсқасы Лениндық сыйлықты иеленді ғой. Дүниежүзі халықтарының 30 тіліне аударылған «Абай жолы» оқырманнан өте жоғары баға алды, әлі де ала бермек. Әлемдік классиканың 200 -томдығына енген шығармаға бертін келе бірсыпыра тексталогиялық түзетулер жасалынып 1989 жылы «Жазушы» баспасында қайта басылды. Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жазушының өз мұрағатындағы араб, латын, кирилл әрпінде жазылған қолжазбалары қайта қаралып, кезінде кеңестік ұғымға қайшы деп қиылған нұсқалары қалпына келтірілді. Онда бұрынғы төрт томдыққа кірмей қалған Құнанбай образы 70 бетпен толықтырылып, Абайдың әкесі жаңа бір қырынан танылған. Яғни, осы толықтыру арқылы Мұхтар Әуезовтың дала сұлтаны жайында жазылған тарихи шындығы аудиодискіде жарыққа шығып отыр. Ғалым Талапбек Әкім «Абай жолын» 30 жылдай зерттеп, кеңес заманында жіберілген әділетсіздіктің орнын толықтырды.


Соңғы жаңалықтар