Абай ескерткіші үшін 4,5 млн теңге: Атырау облысы әкімінің орынбасары қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзінің Telegram парақшасында мәлім еткендей, Атырау облысы әкімінің орынбасары мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысына қатысты тергеу басталды.

Олар Атырау қаласында Абай ескерткішін жасау және орнату бойынша 145 млн теңге сомасына мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін бір топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 млн теңге сомасында пара алу күдігіне ілінді.

Күдікті ұсталып, Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар