Абай челленджінің рекорды: 700 әртіс «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының 700 әртісі «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқап, Абай шығармашылығына арналған челленджде рекорд жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл, ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған флешмобтардың ішінде қатысушылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш екенін атап өту керек.

Бүгін де Қазақстан астанасының филармониясы қаладағы жетекші концерттік және оқу орындарының бірі болып отыр. Онда 11 шығармашылық топ - қазақ оркестрі, симфониялық оркестр, үрмелі аспаптар оркестрі, ішекті квартет, камералық хор, «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі, «Шалқыма» халық би ансамблі, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық және эстрадалық вокал, дәстүрлі халық әні бөлімі, «Әлем» эстрадалық би ансамблі жұмыс істейді.

Елордалық филармонияның абыройын асқақтатып, мақтанышына айналған өнерпаздар аз емес. Олардың қатарында, еліміздің музыка қайраткерлері: ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Айтқали Жайымов («Парасат» орденінің иегері), Айгүл Қосанова, Ернар Мыңтаев, Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Алтынай Жорабаева, Гүлзира Бөкейхан, «Құрмет» орденінің иегері Абдурасул Есекеев, Нұрай Танабаев, Нұрлан Бекенов, Шолпан Қорғанбек, Арайлым Рахымқызы және басқаларын айтуға болады.

Филармонияның солистері мен музыкалық топтары Абайдың әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін акапелла орындады. Бас директор Ерлан Дәкенов Абайдың мерейтойын атап өту маңыздылығына тоқталып, эстафетаны ұжым атынан Қазақстан және Ресей Федерациясының филармонияларына жолдады.

Соңғы жаңалықтар