Абай Бисембаев ҚР Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай Айдарханұлы Бисембаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Сондай-ақ Ақорданың баспасөз қызметі «А.А. Бисембаевты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімін жария етті.

Абай Айдарханұлы Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының Көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаев

Астана, 2019 жылғы 19 наурыз
№ 3

Соңғы жаңалықтар