+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

2020 жылғы 21 қазан 19:10
Бөлісіңіз:
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен онлайн форматта әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай тұрғыны баласының емделуіне көмектескен полицейге алғыс айтты Қайырымдылық жасаудан адам рухани ләззат алады - Қоғамдық қор құрылтайшысы Исламбек Салжанов: Қазақстанда қайырымдылық туралы дұрыс түсінік қалыптастыру керек

Комиссия отырысында әдебиет, кино, театр, музыка, сәулет және бейнелеу өнері салалары бойынша байқаудың екінші кезеңіне өткен 11 жұмыс қаралды.

Отандық шығармашылық зиялы қауым өкілдерінен құрылған Комиссия мүшелері конкурстың екінші кезеңіне өткен шығармалардың қоғамда талқылану барысы жөніндегі Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың ақпаратын тыңдады.


Комиссия жасырын дауыс беру арқылы әдебиет және өнер саласы бойынша 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығын иеленетін үміткерлерді анықтады. Олардың тізімі Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын болады.

Дәстүр бойынша Мемлекеттік сыйлықтың иегерлерін марапаттау рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT