Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының кафедрасы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедралар қауымдастығының президенті Анатолий Башмаковтың айтуынша, бұл жер этносаясатқа қатысты ғылыми әлеуметтік зерттеулер алаңына айналмақ.

«Бұл жерді студент жастармен үздіксіз жұмыс жасайтын Ассамблеяның кіші филиалы десек болады. Сараптамалық жұмыстарды жүргізу  және білім беру мақсатында ашылып отыр. Мен Ассамблеяның өзін Қазақстанда өмір сүріп жатқан түрлі этностың патриоттық  тәрбиесін жолға қоятын мектеп деп білемін»,- деді Анатолий Башмаков.

nullДөңгелек үстелде сөз алған университет ректоры Такир Балықбаев, бұл қадамның қаншалықты  маңызды екенін атап өтті.

null«Біздің оқу орнында 35-тен астам этнос өкілдері білім алады. Шығыс тілдері кафедрасы бар. 2011 жылдан бастап түрлі ұлт жастарының басын қосатын студенттер ассамблеясы жұмыс істеп келеді. Оған қоса біз Қазақстанның болшақ ұстаздарын дайындап отырған соң, оларды тәрбиелеудегі интернационализм рухы өте қажет. Бұл қасиет осы мамандар арқылы келешекте еліміздің барлық аймақтарына беріледі».

nullҚазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Пролокопенконың айтуынша, бүгінде Қазақстандағы кафедра қауымдастығы құрамында 35 кафедра, 1 қоғамдық кеңес, 1 институт, 3 орталық, бейбітшілік пен келісімді  насихаттайтын  42-ге жуық жоғарыы оқу орны бар.

Арайлым Жолдасбай

Соңғы жаңалықтар