+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

«Абай арманы» атты онлайн концерт өтеді

2020 жылғы 10 тамыз 10:11
Бөлісіңіз:
«Абай арманы» атты онлайн концерт өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ел руханияты үшін айрықша Абай күніне орай бүгін сағат 21:00-де Қазақконцерттің YouTube арнасында «Абай арманы» атты концерттің онлайн көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақконцерт баспасөз қызметінің мәліметінше, онлайн концертте белгілі әншілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары Асқар Мұқият, Аяулым Қамажан өнер көрсетеді. Онлайн форматта өтетін мерекелік концертте Абайдың әндері мен оның өлеңдеріне жазылған әндер орындалады.

«Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абайдың 175 жылдығы аясында «Абай күні» деген атаулы датаның белгіленуі біз үшін қуанышты жаңалық болды. Ұлы Абайдың бай музыкалық мұрасында ұлттық өнеге мен мол тағылым жатыр. Сондай-ақ поэтикалық және композиторлық туындыларымен қазақ музыкасына жаңа леп әкелген Абайдың ән мұрасы ерекше сұлулығымен, көркемдік байлығымен, әуезділігімен құнды. Абайдың шығармашылығына ғана тән осы Қазақконцерт солистері ұсынатын жаңа концерттік бағдарлама көрініс табады», - деді Қазақконцерт басшысы Жеңіс Сейдуллаұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT