Абай Алтай Президент Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың ресми сайты Абай Алтайдың Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды», - делінген құжатта.

Ал Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.


Соңғы жаңалықтар