«Абай», «Әл-Фараби» сериалдары Тәуелсіздік күнінде ұлттық арна эфиріне шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Абай», «Әл-Фараби» сериалдары Тәуелсіздік күнінде ұлттық арна эфиріне шығады. Бұл туралы «Astana Media Week 2020» барысында «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия отандық телесериалдар өндірісіне кедергі болғанымен, өндіріс толықтай тоқтап қалған жоқ. Биыл біз 13 сериал түсіріп жатырмыз. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай» сериалының, Әл-Фарабидің мерейтойына арналған «Әл-Фараби» сериалдарының түсірілім жұмыстары сәл кешеуілдеді. Десе де аяқтап үлгердік. Осы тұста хабарлап өткім келеді, екі тарихи туынды да эфирге желтоқсанда, Тәуелсіздік мерекесінде шығады«, - деді Ләззат Танысбай.

Мұнан бөлек ол осы маусымда роман желісі бойынша түсірілген «Махаббат, қызық мол жылдар», Тәуелсіздікке арналған 100 бөлімді «Замандастар» телехикаясы эфирге шығатынын айтты.

«Махаббат, қызық мол жылдар» телехикаясының кастингі толықтай онлайн форматта өтті. Үміткерлерден 7300-ден астам фото, бейнеөтініш келіп түсті. Мұндай ауқымдағы онлайн кастинг біз үшін тың тәжірибе болды. Бұл тәжірибені біз одан ары да жалғастырамыз«, - деді «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы.


Соңғы жаңалықтар