Абай-175: ШҚО-да өткен интерактивті сабаққа 2000-нан астам оқушы қатысты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Абайдың 175 жылдығына орай өткен интерактивті сабаққа 2000-нан астам оқушы қатысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, жуықта өңір бойынша 7-ші сынып оқушылары арасында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты интерактивті сабақ өткізілген. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бұл сабақтың бірінші бөлімі диалогтік алаң форматында болды.

«Оқушылар интерактивті және цифрлық технологияларды қолдану арқылы ұлы ақын шығармаларына негізделген сұрақтарға жауап іздеді. Ал екінші бөлімде онлайн викторина жүргізілді. Жалпы осы шара барысында 2000-нан астам оқушы қамтылды. Мұндағы мақсат – Абай мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау», - дейді басқарма қызметкерлері.


Соңғы жаңалықтар