Абай-175: Семейлік домбырашы балалар республикалық байқауда топ жарды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейлік оқушылар «Ұлы даланың ұлы Абайы» атты республикалық балалар өнер байқауында күй орындап, бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хакімнің 175 жылдығы аясында ұйымдастырылған сайыс Семей қалалық мәдениет үйінде өткен.

Байқауға тыңғылықты дайындықпен келген жергілікті физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушылары Ұлан Талғатов пен Дархан Оралханов «Аспапта ойнау» аталымында Дәулеткерейдің «Көроғлы» күйін орындап, жеңіске жетті.

«Дәстүрлі байқау балалардың жас ерекшелігін ескере отырып 7 жанр бойынша өткізілді. Ұлан мен Дархан мектебіміздегі талантты шәкірттердің қатарынан. Бір атап өтерлігі – олардың екеуі де домбырада ойнауды білмейтін. Аз ғана уақыт ішінде бірнеше күй үйреніп, тіпті байқауларға қатысатын дәрежеге жетті. Осының барлығы - Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі желілік «100 күй» жобасының жемісі», - дейді домбыра үйірмесінің мұғалімі Мадияр Аширов.


Соңғы жаңалықтар