+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Абай-175: Бішкекте қырғыз тіліндегі «Абай» атты кітаптың тұсауы кесілді

2020 жылғы 23 мамыр 17:07
Бөлісіңіз:
Абай-175: Бішкекте қырғыз тіліндегі «Абай» атты кітаптың тұсауы кесілді

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бішкекте түркі әлемнің тұғырлы тұлғасы, ұлы ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында қырғыз тіліндегі «Абай» атты кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түймебаев: Манас жырының қазақ тілінде жарық көруі – қазақ әдебиетінің қорына қосылған алтын қазына Петропавлда Абайдың мерейтойына арналған көрмеге балалардың суреттері қойылды Абай шығармаларының академиялық толық жинағы жарыққа шығады

Еске сала кетейік, Халықаралық түркі академиясы биылғы Абай мерейтойы аясында онлайн-конференция өткізген болатын. Оған Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманқұлов та қатысты.

Конференция барысында қырғыз тілінде жарыққа шыққан «Абай» кітабы таныстырылды. Онда министр Азамат Жаманқұлов сөз сөйлеп, 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында бірқатар іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Атап айтқанда А. Осмонов атындағы Ұлттық кітапханада онлайн кітап көрмесі өтеді. Сонымен қатар Бішкектегі Қазақстан елшілігі, Қырғызстандағы қазақтар қауымдастығы және Мәдениет министрлігінің қолдауымен Абай орталығы ашылады.


Одан бөлек, министрдің айтуынша, 27 мамырда «Абай Құнанбайұлының әдеби және рухани мұрасының құндылығы» атты онлайн конференция өтеді. Оған бірнеше елдің ғалымдары қатысады.

Айта кетейік, Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған конференцияға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, ЮНЕСКО Азия және Тынық мұхиты бөлімінің бастығы Андрей Шевелев, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат және туризм министрі Азамат Жаманкулов, қырғыз халық артисі Түгелбай Қазақов, Қырғыз Жазушылар одағының төрағасы Нұрланбек Қалыбеков, сонымен қатар Әзербайжан, Башқұртстан (РФ), Қазақстан, Қырғызстан, Мажарстан, Моңғолия, Өзбекстан, Татарстан және Түркия елдерінің танымал түрколог ғалымдары қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT