14.10.2022 17:25 Астанада Абай мұрасын ұлықтаған екі ғылыми еңбек таныстырылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астанада «The Wisdom of the Great Steppe – Abai Kunanbaiuly» және «Абай Құнанбайұлы: сипаттамалы библиографиялық көрсеткіш» атты қос бірдей ғылыми еңбектің таныстырылымы өтті.
10.08.2022 05:23 Көрмелер, поэзия кеші: Елордада Абай күні қалай аталып өтеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 10 тамызда қазақтың бас ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының 176 жылдығы атап өтіледі. Елордада бұл бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
08.08.2022 01:06 Семейде Абай күніне орай қандай шаралар өтеді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде 10 тамыз – Абай күніне орай бірқатар іс-шара жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.08.2022 10:45 Семейде тарихи-мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жұмыс тобы құрылады СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семейде келесі жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінің шатыры жөнделеді. Бұдан бөлек, симфониялық оркестрді қайта жаңғырту жоспарлануда. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Семейдегі мәдениет нысандарын аралауы барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.07.2022 16:59 Шымкент мектептеріне Тәуке хан, Абай есімі берілмек ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы 4 мектепке қазақтың танымал тұлғаларының есімі берілуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің тиісті Қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.06.2022 11:32 Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы өтіп жатыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4-5 маусым аралығында Францияның Париж қаласында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы» өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
02.06.2022 15:55 Нью-Делиде Абайға бюст қойылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үндістанның Нью-Дели қаласында Сан Мартин Парк скверінде қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбаевтың бюсті салтанатты түрде таныстырылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
31.05.2022 12:08 Нұр-Сұлтанда Абай туралы кітаптың таныстырылымы өтті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қазақ ақыны және ойшылы Абай Құнанбаев туралы «Абайдың ұлылығы немесе XXI ғасырда ойшылдың портретін жасауға талпыныс» кітабының тұсаукесері өтті. ҚазАқпарат бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
26.05.2022 19:09 Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Бішкекте Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
19.05.2022 12:10 «Жаңа Қазақстанның» бағдары Абай философиясымен толық үндеседі – Ерлан Қошанов НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жаңа Қазақстанның» азаматы Абай айтқан бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болуы керек. Демек, Президенттің көзқарасы ұлы ойшылдың философиясымен толық үндеседі. Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей жұртшылығымен кездесуден бастаған Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31.03.2022 17:13 Гарвард университетінде Абай симпозиумы өтті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде әлемге әйгілі Гарвард университетінде Гарвард Орталық Азия студенттері ассоциациясының (CASA Harvard) ұйымдастыруымен Абай симпозиумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22.03.2022 10:00 Наурыздан наурызға дейін: Жылдың басты оқиғаларына фотошолу НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Табиғатпен үндесіп тіршілік еткен, уақыт өлшемін айлар мен амалдың ауысуымен есептейтін, көктемдегі күн мен түннің теңесуін жылдың басы деп білген көшпелі өркениет мұрагері саналатын Қазақ елі үшін тағы бір жыл артта қалды. Бұл жыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихын таразылаған, мерейтой жылы болды. ҚазАқпарат жылдағы дәстүр бойынша наурыздан наурызға дейін болған маңызды оқиғалардың шолуын ұсынады.
16.03.2022 18:01 Абайдың атын қалаға бере алмай жүргенде тұтас бір облыс ақын есімін иеленді - Қазыбек Иса АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2022 12:48 Бейжің Олимпиадасында Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әні шырқалды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейжіңде өтіп жатқан Олимпия ойындарында Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқасы» шырқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
30.12.2021 14:51 Атырау қаласында Абайдың еңселі ескерткіші қойылды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында Абайдың еңселі ескерткіші қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.12.2021 14:49 Абайға ескерткіш қойылған әлем елдерін велосипедпен араламақпын – алматылық саяхатшы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық әуесқой саяхатшы Дамир Кушеев қазақтың ұлы ақыны Абайға ескерткіш қойылған әлем елдерін велосипедпен аралап өтпек. 35 жастағы алматылық азамат ақынның құрметіне арналған әлемдік сапары туралы жоспарымен ҚазАқпарат тілшісімен бөліскен еді.
23.12.2021 22:14 Қазақ пен түріктің ұлы ақындарына арналған барельеф таныстырылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Абай және Юнус Эмре: рухани үндестік» тақырыбында халықаралық жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.12.2021 20:51 Абай феноменіне қатысты екі зерттеу кітап жарық көрді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Филология ғылымдарының докторы Шәкір Ибраевтың «Абай феномені», «Абай феноменологиясы: эстетикасы мен прагматикасы» және «Қазақтың ғұрыптық фольклоры» кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
20.12.2021 19:17 Абайдың 1909 жылы жарық көрген кітабы қайта қалпына келтірілді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай Құнанбайұлының 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көрген кітабы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.12.2021 12:50 Аргентинада Абай атындағы көше мен «Қазақстан Республикасы» алаңы ашылды РОСАРИО. ҚазАқпарат – Аргентинада Абай атындағы көше мен «Қазақстан Республикасы» алаңы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.