Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.52 EUR 431.32
RUB 6.10 CNY 55.89
Jańalyqtar

#Abai175: Жалпыұлттық челендж халықаралық сипат ала бастады

2019 жылғы 14 шілде 17:55 205
Бөлісіңіз:
#Abai175: Жалпыұлттық челендж халықаралық сипат ала бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Абай өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасына Димаштың италиялық жанкүйері де үн қосты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Димаш Құдайбергеннің 73 жастағы тыңдарманы ұлы ақынның «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін қазақ тілінде мәнерлеп оқыған. Аталмыш видеоны ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

Берік Уәлидің айтуынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үн қосқан эстафета бірден жалпыұлттық сипат алған.

«Тақтағы патшадан таяқ мінген балаға дейін xакім Абай сөзін жатқа соқсақ, елдің ертеңі қалай екенін бағамдауға болатын шығар», - деп жазған баспасөз хатшы өзге этнос өкілдерінің де эстафетаға қазақ тілінде үн қосқан бейнетүсірілімдерін салған. Олардың бірі өлең оқыса, бірі Абайдың әндерін нақышына келтіре орындағанын көруге болады.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: #Аbai175, Өнер, Мәдениет, Өнеркәсіп,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT