#Abai175: Швейцарияда 6 елдің студенттері Абай өлеңін оқыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Швейцарияның Глион университетінің студенттері Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаға үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Швейцарияның Глион (Glion Institute of Higher Education) университетінде білім алып жүрген Иордания, Испания, Италия, Қытай, Ливан және Швейцария жастары өз тілдерінде Абайдың «Күз» өлеңін оқыды.

Науқанды қазақстандық студент Дәулет Ұранхаев ұйымдастырған. Ол курстастарына Абайдың өмірбаянын, қазақ тарихындағы алар орнын түсіндіріп, шағын бейнеролик жасаған.

«Біз Абай-175 эстафетасын сіздерге жолдаймыз», - деді бейнероликте Дәулет Ұранхаев.

Айта кетейік, бүгін Швейцария Конфедерациясының Президенті Ули Маурер Қазақстанға ресми сапармен келді.

Сапар аясында Ули Маурер Қазақстан Президентімен және Премьер-Министрімен кездесіп, екі елдің іскер топтарының «дөңгелек үстелінде» сөз сөйлейді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына арналған» Жарлыққа қол қоюы «Болашақ» түлегі бастаған акцияға тың серпін берді деуге болады.

Күн сайын Абай өлеңдерінен үзінді оқушылар қатары өсуде. Челленджді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдап,ұлы ақынның өлеңін оқып, эстафетаны министрлер мен белгілі әнші Димаш Құдайбергеновке тапсырды.

Осылайша, поэзия эстафетасын Игорь Крутой, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, Ресейдің шоу-бизнес өкілдері, Ақтөбенің әкімі Оңдасын Оразалин, Қазақстанның Халық әртісі, профессор Талғат Теменов жалғастырып әкетті.

Соңғы жаңалықтар