#Abai175: Пойыз ішінде Абай шығармалары орындалады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында Павлодар-Нұр-Сұлтан, Нұр-Сұлтан-Павлодар теміржол бағыты арқылы қатынайтын пойызда жолаушылар арасында ақын шығармашылығы насихатталатын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл топтың құрамында өңірге танымал жыршы, абайтанушы Даниял Әсенов, Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясының әншісі Жанболат Байсолтан және С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапхананың 3 қызметкері бар..

«Хакім Абайдың 175 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған шара арқылы халыққа ақын шығармасының негізгі идеясын, философиясын жеткізе білуіміз керек. Бұл жобаға қатысушылар Абай шығармаларын насихаттайтын болады. 1993-1994 жылдары Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы қарсаңында өткізілген шараларда мектеп ұжымдарын аралап, ақын өлеңдерін, қара сөздерін оқыған болатынмын. Содан бері ширек ғасыр өтіпті. Бабамыздың мерейтойы тағы тойланғалы жатыр. Сондықтан тағылымы мол мұндай шараларда Абай өлеңдерін қуана оқитын боламын», - дейді Даниял Әсенов.

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапхана басшысының орынбасары Баршагүл Тәженова «Абай жолы» жобасы 1 жыл бойы өткізілетінін айтады. «2019 жылдың 15 тамызында бастау алған шара 2020 жылдың 15 тамызына дейін ұйымдастырылатын болады. Жобаның алғашқы қатысушылары Павлодар-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жолға шыққан жолаушыларға ерекше сый дайындамақ. Бұл ретте Даниял Әсенов Абай шығармаларын оқыса, әнші Жанболат Байсолтан ақын әндерін шырқайтын болады. Ал кітапхана қызметкерлері жолаушылар арасында Абай Құнанбайұлының өмірбаяны мен шығармашылығы жайында викториналық ойын ұйымдастырып, теміржол қызметкерлін «Инстаграмм» парақшасында челленджге қатысуға шақырамыз. Жеңімпаздарға дайындаған сыйлықтарымыз бар», - дейді Б.Байжанова.

Ол бір жыл бойы өткізілетін жоба аясында алты рет жолға шығатындарын атап өтті. Топ құрамы ауысып отырмақ. Осылайша, жобаның алғашқы күнінде таңғы сағат 8.10-да Павлодар-Нұр-Сұлтан бағытында жолға шықса, кешкі сағат 18.00-де Нұр-Сұлтан-Павлодар бағыты бойынша да қатынаған жолаушыларға ақын шығармашылығын насихаттап, әннен шашу шашатын болады.

Соңғы жаңалықтар