#Abai175: Ольга Рыпакова Абай шығармасын оқыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған челлендж жалғасуда. Ақынның өлеңдерінің бірін 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада чемпионы, әйгілі жеңіл атлет Ольга Рыпакова оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танымал спортшы эстефетаны Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нүсіпова Әсем Бекқызынан қабылдағанын айтады.

О.Рыпакованың Абай шығармасын оқыған видеосы Facebook желісінде жарияланды.

Ольга Рыпакова эстафетаны Олимпиада чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиевке және қазақстандық танымал фристайлшы, 2018 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышеваға жолдады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Соңғы жаңалықтар